ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

ШҚО-да саунада демалған полиция өкілдері жауапқа тартылды

Бірнешеуі қызметінен босатылды

скриншот

ШҚО Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы 29 қаңтарда учаскелік полиция инспекторларының Семейдегі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.С. Сұңғатовпен бірге монша кешеніне бару фактісі бойынша (Семей – ред.) қызметтік тергеу жүргізді.

Тексеру нәтижесіне сәйкес, қызметтік тәртіпті бұзуға жол бергені үшін Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.С. Сұңғатов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғалары атқарып отырған лауазымынан босатылды. Монша кешенінде болған полиция қызметкерлеріне қатысты уәкілетті органға (ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін аталған қызметкерлерді әкімшілік жауапқа тарту үшін тиісті материалдар жолданды», - делінген хабарламада.

Департамент басшылығы ШҚО ПД жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда, бұл бүгінгі күні басым бағыттарыдың бірі болып саналатынын, қызметтік-жауынгерлік тәртіп бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша мұқият тексеру жүргізілетінін, кінәлі тұлғаларға және олардың басшыларына қатысты тәртіптік сипаттағы ең қатаң шаралар қабылданатынын жеткізді.