Қызылордада пәтер алаяғы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада ипотекаға баспана алып беремін деген алаяқ жәбірленушіден 350 мың теңге ақша алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

12 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны осыдан үш ай бұрын ипотекаға үй алуға көмектесемін деген уәде беріп, сеніміне кіріп, 350 мың теңгесін алып қайтармай жүрген азаматшаға шара қолдану туралы арызданған.

Алаяқтық дерегі бойынша полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған 52 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.