Полицейлерді ұстау операциясы әлеуметтік желіге тарап кетті
Атырауда полицейлер есірткімен ұсталды. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Данияр Қанатов и Роман Аймағамбетовті кеше кешкісін Атырау-Доссор тасжолы бойында өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері уақытша қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Полицейлерді ұстау операциясы әлеуметтік желіге тарап кетті. Онда Хундай автокөлігі жанында ұсталған екеуге тергеу басталғаны хабарланады. Мотоциклдің дөңгелегіне мұқият жасырынған есірткіні шығаруға біраз уақыт кетті. Видеоға қатысты түсінік берген полиция департаменті аталған деректі растады. Ұсталған екі полицейдің бірі еңбек демалысында, ал екіншісі қызметте жүргенін айтты.
«Жедел іздестіру іс-шараларын іздестіру барысында Атырау облысы Атырау –Доссор тас жолында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдағаны үшін полиция департаментінің екі қызметкері ұсталды», - деді Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерген Төлемісов.