СҚО тұрғыны аңшы мылтығынан оқ атып, туыстарын қорқытқан

Автор: Azattyq Rýhy

26 жастағы жігіт отбасылық жанжал кезінде оқ атқан

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үйінде аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атып, туыстарын қорқытқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға Тайынша қаласында болған. 26 жастағы жігіт отбасылық жанжал кезінде тіркелмеген аңшы мылтығынан үйінде бірнеше рет оқ атқан. Туыстары полиция шақыруға мәжбүр болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері шақырылған кезде, ол қаруды алып оқиға орнынан жасырынған. Полиция оны тауып, қамауға алды.

Тегтер: