Қостанайда бұзақылар бірнеше көліктің терезесін сындырып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар олар көліктің дөңгелегін жарып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай қаласында бірнеше көліктің терезесін сындырып, доңғалағын жарып кеткен бұзақыларға іздеу салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Қостанай қаласының полиция басқармасына бірнеше автокөліктің бүлінгені туралы жергілікті тұрғындардан өтініш келіп түсті. Аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп, жәбірленушілерден жауап алды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға бағытталған бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде,», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. 

Қостанай облысының полиция департаменті тұрғындардан көліктерін мамандандырылған тұрақтарға қоюды сұрайды.