23 жастағы жүкті әйел ауруханада дәрігер бақылауында қалды
Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 14 ақпан күні Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Самал ауылы тұсында болды. Беларусь азаматы ауа райының қолайсыздығынан Skania жүк көлігімен жол шетінде тоқтап тұрған Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктеріне барып соғылған», - деп жазылған хабарламада.
5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Дәрігер қарағаннан кейін төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. 23 жастағы жүкті әйел ауруханада дәрігер бақылауында қалдырылды.