Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлікте 14 адам болған

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Газель Есік қаласындағы перзентхана қызметкерлерін басқа орынға көшіріп бара жатқанда аударылған.

«Оқиға болған жерге барған жедел-тергеу тобы автокөліктің 41 жастағы жүргізушісі Сатай ауылының маңында, шығыс бағыттағы автожолмен қозғалып бара жатып, көктайғақ пен тұманда көлігін басқара алмай, аударылып кеткенін анықтады. Көліктің салонында 14 адам болған, олардың екеуі түрлі жарақат алып Есік қаласының ауруханасына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу басталды