Өскеменде көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Екі тұрғын  әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырған

Өскемен қаласының екі тұрғыны көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«1966 жылғы әйел көпірден өзенге секіріп өлмек болған. Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен шықты. Сол маңайдан көлікпен өтіп бара жатқан Дидар Адиков көпірдің жақтауында тұрған әйелді байқап қалған. Бірден тоқтап, оған көмекке ұмтылды. Суицидтің алдын алуға көмектескен тағы бір азамат болған. Екеуі әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырды», – делінген хабарламада.

Дидар Адиков «УК ТМК» АҚ-да краншы болып жұмыс істейді екен. Ал екінші адам көмек көрсеткен соң өз деректерін қалдырмай, автокөлігімен кетіп қалған.