Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы-Көкпек-Көктал» жолында «Ауди» мен «Лексус» көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Қазір осы факт бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.