22 жастағы күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғынын подъезде пышақтап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қаңтар айының соңында полиция қызметкерлері Гагарин даңғылында жүрген киімінде қан іздері бар 22 жастағы жігітті ұстады. Анықталғандай, ер адам сол даңғылдағы тұрғын үйлердің біріндегі подъезде 33 жастағы азаматқа пышақ сұққан. Жараланған жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған бірден медициналық көмек көрсетілді», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.