Жалғыз көзді күшік дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Филиппинде күшік-циклоп туды 

Филиппиндегі Тангалан муниципалитетінде ерекше күшік дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Белтаға сілтеме жасап.

GMA News Online телеарнасының хабарлауынша, 6-7 ақпанда Эми де Мартин есімді жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде күшіктің фотосуреттерімен бөлісті. Жануардың мұрны жоқ, беті деформацияланған, ал жалғыз көзі бастың ортасында орналасқан.

Мутант күшік туғаннан кейін көп ұзамай өліп қалған.

«Ұрғашы ит токсин жұтып қойғаннан оның құрсағындағы күшігі мутацияға ұшыраған», - деп түсіндірді бұл жайтты ветеринар.

Циклопия 16 мың жануардың бірінде кездеседі және көбіне мутациямен туылғандар ұзақ өмір сүрмейді. Аномалия ежелгі грек мифтерінен шыққан бір көзді алыптың есімімен аталған.