Қыздарды іздеу ісіне еріктілер де атсалысқан
9 ақпан күні үйлерінен шығып, қайтып оралмаған жасөспірім қыздар Ленин кентінен табылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Іздеу аяқталды, қыздардың жағдайы жақсы. Біз ойлағандай, олар қала маңындағы Ленин кентінде болды», - деді «Павлодардың VITA іздеушілері» қоғамдық ұйымының көшбасшысы Екатерина Кудрявцева.
Іздеу тізіміне алынған жасөспірімдерді полиция қызметкерлері тапқан.
Айта кетсек, 14 жастағы Карина Куликова мен Алина Иванова 9 ақпан күні жоғалып кеткен болатын. Қыздарды іздеуге кейіннен еріктілер қосылған.
«Олардың қала маңындағы ауылда не істегені әлі түсініксіз. Қазір олармен ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.