Тағы екі адам зардап шекті
Павлодар қаласындағы С.Нұрмағамбетов пен Омбы көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
«8 ақпанда сағат 20.21-де Toyota Camry және Hyundai маркалы екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан Hyundai автокөлігінің екі жолаушысы қаза тапты. 1971 және 2003 жылдары туған екі адам ауруханаға медициналық көмекке жүгінді», - дейді облыстық полиция департаментінде.
Олар тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Жол апаты фактісі бойынша барлық қажетті сараптамалар мен тексеру тағайындалды.