Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында былтыр ғана салынған ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Нысанды «Құрылыс» ЖШС-і 2020 жылы ғана пайдалануға берген болатын.
«8 ақпан күні кешкі уақытта қатты желдің салдарынан Дөнентаев көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан екі қабатты ғимараттың шатыры ұшып кетті. Нысанның жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Павлодар облыстық ТЖД өкілдері.
Қатты жел шамамен 180 шаршы метр шатырды жұлып әкеткен. Ғимараттың төбесі металл жақтаумен және профильмен жабылған.