Оралда жаппай төбелестен бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол оқиға орнында көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Оралда ер адам жаппай төбелес салдарынан қайтыс болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 ақпанда сағат 00:02-де «102» операторының пультіне Х.Доспанова көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде төбелес болғаны туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келген бойда алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін белгісіз тұлға Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынына бірнеше пышақ жарақатын салғаны анықталды. Ол оқиға орнында қайтыс болды», - деп жазылған хабарламада.