Ақтөбеде 18 жастағы спортшыны атып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол киокушинкай каратэден Азия Кубогінің иегері болған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласында киокушинкай каратэден Азия Кубогінің иегері Дәулет Хайролланы атып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«4 ақпан күні бір топ жас қаланың ескі бөлігінде үй жалдап, туған күн тойлаған. Шара барысында жастар арасында төбелес болып, бір адамды атып өлтіру дерегі тіркелді. Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол кісі өлтіргенін толық мойындап, қылмыс құралын жасырған жерді көрсетті», - деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.