Қостанайда 484 млн теңге жымқырған бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 190 бабы 2 тармағы бойынша іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі Қостанай облысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 4-б. 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуде.

«Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн. теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген еді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.