Шығын көлемі анықталып жатыр
2 ақпан күні Балқаш көлі маңында жүрген Нива автокөлігі Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің күдігін тудырып, оны тоқтатқан.
Көлікте 31 жастағы жүргізуші мен 22 жастағы жолаушы болған. Екеуі де - облысқа қарасты ауыл тұрғындары. Тәртіп сақшылары тексеру барысында көліктен жаңа ауланған үш қап балықты тәркіледі.
Қазір келтірілген шығын көлемін анықтауда. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабына (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.