Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 259 науқастың жағдайы ауыр
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 13 адам көз жұмды. Оның ішінде, 11 науқас COVID-19 ауруынан, екі адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі күні 27 886 адам коронавирусқа қарсы ем алып жатыр. Оның ішінде, 5 799 науқас стационарларда, 22 087 азамат амбулаториялық деңгейде емделуде.
COVID-19 бен пневмония жұқтырғандар ішінде:
2021 жылдың 3 ақпанында коронавирус белгілері бар пневмонияның 82 жағдайы тіркелген, ал 253 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 087 науқас тіркелсе, 573 адам осы инфекциядан көз жұмған, барлығы 36 482 адам емделіп шықты.