Ақтөбе полициясы күдіктіні анықтауға кірісті
Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе қаласындағы институт ғимаратына қойылған жарылғыш зат туралы хабарлама жалған болып шықты.
«Бүгін М.Бөкенбаев атындағы ІІМ Ақтөбе заң институтының электронды мекенжайына институт ғимаратына жарылғыш заттар қойылғаны және РФ банктерінің бірінің картасына 1,3 млн рубль аудару талабы туралы хабарлама келіп түсті.
Шұғыл қызметтегілер дереу оқиға орнына барып, оқушыларды, оқытушылар мен ерікті жалданушы құрамды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 474 адам эвакуацияланды», - делінген ақпаратта.
Саперлер жарылыс құрылғыларын анықтау үшін ғимаратқа түгел тексеру жүргізді. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға кірісті.