Ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде «Линда» атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады.
Жедел уәкілдер күдіктіні, Қазақстан азаматын тінту кезінде оның шалбарынан екі дана мүшеқапқа оралған есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат 2 грамнан асатын «Апиын» болып шықты.
Қазір аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 286-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.