Оның екеуі - кәмелеттік жасқа толмаған балалар
Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Оның 2-уі кәмелеттік жасқа толмаған бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екатеринбор-Алматы» күре жолында Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «ВМW X5» көлігі «КамАЗ» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан «ВМW X5» көлігінің жүргізушісі, 2 әйел жолаушысы мен 2 бала алған дене жарақатынан оқиға орнынды көз жұмды. Кәмелеттік жасқа толмаған тағы 2 бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.