28 жастағы тұрғын бұл затты шаруа қожалық маңайынан жұлып алған
14 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері Күршім ауданының шаруа қожалықтарының бірінің аумағын жедел тінту барысында құрамында спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат бар үш қап, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға арналған қолдан жасалған құралдар табылып, тәркіленді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде шаруа қожалықтың 28 жастағы жұмысшысы 2020 жылдың жазында бұл затты ШҚ маңайынан жұлып алғаны анықталды. Ол бұл әрекетін өзі пайдалану үшін сақтадым деп түсіндірді. Сот-химиялық сараптама нәтижесне сәйкес, қапта сақталған зат -марихуана, салмағы 24 866 грамм»,- деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.