Ол екі вагонның ортасында қысылып қалған
Қызылордада вагон тіркеуші көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«39 жастағы ер адам вагондарды тіркеу барысында екі вагонның ортасында қысылып, оқиға орнында көз жұмған. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.