«Алматы-Ташкент» тасжолының 240 шақырымында бұзылған автобустан шамамен 30 шақты жолаушы құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комиетінің баспасөз қызметі хабарлайды
«27 қарашада Жамбыл облысының Қордай ауданында «Алматы-Ташкент» тасжолының 240 шақырымында «Шымкент-Алматы» бағытымен жолға шыққан «Yutong» маркалы автобус техникалық ақауға байланысты бұзылып қалған. Жолаушылар автобусының салонында 45 адам, соның ішінде 5 бала болған. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары. Жедел жеткен құтқарушылар мен полицейлер Қордай ауылының автовокзалына 26 жолаушыны, соның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Олар кейін «Sprinter» шағын автобусымен Алматы қаласына жеткізілді», - деп хабарлады бейсенбіде ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Сондай-ақ эвакуациядан бас тартқан қалған 19 жолаушы жол-жөнекей кетіп бара жатқан автокөліктерге отырып кеткен.