160 литр спирт тәркіленді
Шымкентте жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысатын жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. Заңсыз өнім Шымкент қаласы аумағында сатылған.
Тексеру барысында «Русская на бруньках» және «Березовая» жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған 2000 бөтелкесі, 160 литр спирт, 10 мыңнан астам есепке алу-бақылау маркасы және алкоголь өнімдерін әзірлейтін құрылғылар тәркіленген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды (көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану және өткізу).