СҚО-да 16 адам жолда қалды: арасында 5 жасар бүлдіршін бар

Автор: Azattyq Rýhy

Төтенше жағдай кезінде ешкім жарақат алмаған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлайды

Бүгін таңғы сағат 7:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының «Мамлютка-Қостанай» автожолының 42 шақырымында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетіп, 16 адам жолда қалды. Олардың арасында 5 жасар бүлдіршін де бар.

«Жарақат алғандар жоқ. Төтенше жағдай бүгін таңғы сағат 7:00 шамасында СҚО-дағы «Мамлютка-Қостанай» автожолының 42 шақырымында болған. Алғашқы нұсқа бойынша, «КАВЗ-4328» маркалы автобустың жүргізушісі техникалық жағдайларға байланысты рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кеткен. Жол көлік оқиғасынан кейін жүргізуші осы бағыттағы автобустардың бірін тоқтатып, барлық жолаушыларды көлікке отырғызып жіберген. Қазіргі сәтте «Қазақавтожол» қызметкерлері автобусты жырадан шығаруға көмек көрсетуде», - дейді «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.