Аязда адасып кеткен қостанайлық тұрғын бір күннен соң табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер оны Арқалық қаласынан 95 шақырым жерден тапқан

Арқалық қаласына қарасты Аққошқар ауылының 57 жастағы тұрғыны Жарқынбек Сүлеймен полицейлер мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қиын сәтте көмекке келіп, өмірін аман сақтап қалған.

«Аталған азамат қарда жүретін көлігіне мініп, жоғалып кеткен малын іздеуге Жезқазған қаласына қарай бағыт алған. Орта жолда көлігі сынып қалған. Ұялы байланыс желісі болмаған соң, ешкімнен көмек сұрай алмаған», - делінген хабарламада.

Далада адасып қалған азаматты тәртіп сақшылары іздеуге шығып, 250 шақырым жер жүрген полицейлер оны бір күн өткен соң ғана таба алған. Ол Арқалық қаласынан 95 шақырым жерде табылған.

Жарқынбек Сүлеймен аязды күні көмекке келген Арқалық қаласының полицейлері Дінмұрат Едресов пен Әлішер Шегебаевқа, сонымен қатар Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.