Ұсталған азаматтар - жат ағымның өкілдері
13 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіндегілер Ақтөбе облысындағы әріптестерімен бірлесіп есірткі тасымалдауға қатысы бар топ мүшелерін ұстады. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктелер қамауға алынды. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған азаматтар деструктивті діни ағым ұстанушылары екен.
Тергеу амалдары жалғасуда.