Теміртауда лицензиясыз алкоголь өнімін сатқан цех анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Цех заңсыз жұмыс істеген

көрнекі фото

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Теміртау қаласында тиісті лицензиясыз алкоголь өнімін дайындап, қаладағы сауда нүктелеріне өткізген жасырын цехтың жолын кесті.

Цех аумағын тінту барысында дайын алкоголь өнімі, өнімді дайындауға арналған жабдықтар мен компоненттер тәркіленген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, алкоголь өнімін өткізу орындары мен көлемін белгілеу бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.