«Ақтөбе-Астрахань» тас жолындағы апаттан 2 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: ашық дереккөзден

25 қаңтар күні «Ақтөбе-Астрахань» тас жолында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 «Ларгус» және «Ниссан» маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.