Апат демалыс күні болғандықтан, зардап шеккендер жоқ
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, 23 қаңтарда сағат 14:15-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ диспетчерінен кезекші операторға AMT еншілес компаниясы «Құрылысмет» ЖШС-нің соғу-престеу цехының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлайды.
№ 11 жылыту пешінің үстінен жалпы алаңы 72 шаршы метр болатын екі аражабын тақтасы құлағандығы анықталды. Апат демалыс күні болғандықтан, зардап шеккендер жоқ.
№11 жылу пешінің қосалқы платформасы мен инженерлік құрылымдары зақымданған. Әдеттегідей, оқиға туралы компанияның сайтында да, әлеуметтік желілерде де хабарламады.