Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ұшақ екіге бөлініп, кейін өртенген

Фото: ашық дереккөзден

Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Globo-ға сілтеме жасап.

Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Онда ұшақтың екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады.

Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионының 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра және ұшқыш болған.