Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Жол апаты Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кенті арасын жалғайтын жол бойында болған. Жолда «Ореl» мен «КамАЗ» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан 58 жастағы әйел зардап шеккен. Ол ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.

Жол апатының себебі анықталып жатыр.