Жаяу жүргінші қаза тапты
Жамбыл облысы Шу қаласында 25 жастағы полиция қызметкері көлігімен әйелді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шу ауданында полиция аға лейтенанты қараңғы уақытта жаяу жүргіншілерге арналмаған жолдан өтпек болған аудан тұрғынын – 48 жастағы әйелді автокөлігімен қағып кеткен. Жаяу жүргіншінің сол уақытта жақын маңдағы кафеден шыққаны анықталды. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.