Алматыда мас судьяға қатысты қызметтік тергеу басталды
Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ мас адамның видеосы тараған еді
Мас судьяға қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ адамның дастархан басында қатты мас күйінде отырған видеолары тараған еді. Бір-бірін құшақтаған адамдардың анайы сөздерді тілдері күрмеле айтып жатқандары естіледі. Видеоны көпшілікке көрсеткендер мас адамның бірі Алмалы аудандық сотының судьясы екенін айтқан.
"Судьялардың тағы бір қызықты ролигін шығаруға тура келді. Бұл топ ішіндегі адамның бірі - Алматының Алмалы аудандық сотының қазіргі төрағасы Қуаныш Арипов",- делінген Kozachkov offside Telegram-каналында.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі пікір білдірген еді. Кейін іске Жоғарғы соттың да араласқаны анықталды.
"Бүгін әлеуметтік желілерде қоғамның қызу талқысына түскен бейнежазба жарияланды.
Оны таратушылардың пікірінше, бейнежазбадағы тұлғалардың ішінде Алмалы аудандық сотының судьясы бар.
Осы оқиға бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлайын",- деді Жоғарғы сот баспасөз қызметінің жетекшісі Абай Жарылқасын.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы