Қостанай-Екатеринбург автожолында үш автокөлік соқтығысты
Қостанай облысында Озерное ауылының маңында, Қостанай-Екатеринбург автожолының 507-шақырымында 3 автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«ВАЗ-2114» автокөлігін мінген 48 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Салдарынан Lada Largus және Suzuki автокөліктерімен соқтығысқан», - деп жазылған хабарламада.
Жарақаттарының ауырлығынан «ВАЗ-2114» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.