13.01.2021, 15:49
Оқиғалар
Алматыда белгісіз біреулер есікке граната байлап кеткен
Ол әскери ұрыс қолданысына арналмаған
Көрнекі фото
Жарылғыш зат қаладағы жекеменшік үйдегі есіктің тұтқасына байланған. Қақпаның тұтқасында ілініп тұрған қаруды мамандар қауіпсіз жерге жеткізді. Оқиға Наурызбай ауданында болған. Ал полиция аталған жайтқа қатысты тергеп-тексеруді бастады.
«Граната тәрізді зат Алматының Наурызбай ауданындағы жеке секторда табылды. Граната әскери ұрыс қолданысына арналмаған. Оның қайда даярланғаны және кімге тиесілі екені арнайы сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық-процесуальдық кодекстің 287-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Көп оқылған
18.10.2026, 13:06
Алматыда интимдік қызмет ұсынған қыз клиентін соққыға жыққан
18.10.2026, 20:04
Қазақстандықтар телефондағы eGov Mobil-дің жаңа калькуляторы арқылы әл-ауқатын өздері анықтай алады
18.10.2026, 11:05
Абай облысында полиция жоғалған 7 жасар баланы іздеп тапты
18.10.2026, 12:40
Елордада Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі ашылды
18.10.2026, 06:26
«Макрон, басыңды шабамыз»: Францияда жаппай наразылықтар жалғасып жатыр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды