$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2021, 15:16
Оқиғалар

Қырғызстанда қаза тапқан қазақстандық жасөспірімге қатысты жаңа деректер айтылды

Қаза тапқан оқушы Нұр-Сұлтан қаласынан барған

Қырғызстанда қаза тапқан қазақстандық жасөспірімге қатысты жаңа деректер айтылды
фото: sputnik.kg

Қырғызстанның Қарақол қаласындағы тау-шаңғы базасында қаза тапқан 12 жастағы қазақстандық жасөспірімге қатысты жаңа деректер жарияланды. Бұл туралы 24.kg ақпарат агенттігіне Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған.

3 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының 35 жастағы тұрғыны 13 жастағы ұлымен Шу облысының Тоқмақ қаласындағы немере ағасының үйіне қонаққа келген. 10 қаңтарда немере ағасы отбасымен және жиенімен Қаракөл қаласына барып, сондағы тау-шаңғы базасына демалған.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірімнің жасы 12-де емес, 13-те екен. 31 қаңтарда марқұм 14 жасқа толар еді.

«12 қаңтарда сағат 13:00-де тау шаңғысы базасында демалу кезінде кәмелетке толмаған бала 3040 метр биікке көтеріліп, батыс трассамен төмен түсті. Шамамен 2700 метр биікте батыстан шығысқа қарай бұрылған кезде ол жылдамдықты басқара алмай, шыршаға барып соғылған. Нәтижесінде  алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаны назарға алғаны туралы хабарлады.

Серіктес жаңалықтары