$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2021, 10:07
Оқиғалар

СІМ Қырғызстанда қайтыс болған жасөспірімге қатысты пікір білдірді

Марқұмның ата-анасына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі

СІМ Қырғызстанда қайтыс болған жасөспірімге қатысты пікір білдірді
көрнекі фото: 24.kg

Кеше Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық жасөспірім қаза тапты. Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 12 жастағы жасөспірім шаңғымен сырғанау кезінде шыршаға соғылып, мерт болған.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаны назарға алғаны туралы хабарлады.

«Қазақстандық консул қайтыс болған баланың туған-туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста. Баланың ата-анасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, біздің отандасымыз шаңғымен сырғанау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан қайтыс болды», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

12 қаңтарда сот-медициналық сараптама үшін жасөспірімнің денесі Ыстықкөл облысының ауруханасына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары