ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Шымкентте 30 жастағы әйел қылмысын жасыру үшін жүздеген мың теңгені дәретханаға ағызып жіберген

Ол заңсыз казино ұйымдастырған

Фото ашық дереккөзден

Шымкентке Өзбекстаннан келген 30 жастағы әйел пәтер жалдап, оны ойынханаға айналдырған деп хабарлайды КТК телеарнасы. Ал, үйді тінтуге полиция келгенде ол жүздеген мың теңгені дәретханадағы унитазға ағызып жіберген.

Заңсыз казиноға тәртіп сақшылары кіріп келгенде онда жеті адам ойнап отырған. Олар 300 мың теңгедей ақшасын ұтылып үлгеріпті.

Жалдамалы пәтерді 2 баланың анасы кәсіби түрде жабдықтаған. Терезелерін бүркеп, покер столдарын кіргізіпті. Тіпті, бөлмелерде бейнебақылау камералары да болған. Енді ол кемі 500 мың теңгедей айыппұл төлеуі мүмкін.

«Пәтерге кіргенде онда ойнап отырған жеті адамнан бөлек екі бойжеткен болды, олар дилер қызметін атқарған. Олардың бәрі істе куәгер болады. Дилер қыздарға өзбекстандық әйел 5 мың теңгеден беріп отырған. Олар ойынның заңсыз екенін білмедік деп отыр. Алайда, полиция кіріп келгенде олар ақшаның бәрін унитазға ағызып жіберді», - дейді судья Қанат Мылтықбаев.