Ер адамның қимылсыз жатқанын көрген жүргіншілер жедел жәрдем шақырған
12 қаңтар күні күндіз Қарағандыда жаяу жүргіншілер «Баня» аялдамасының жанынан ер адамның денесін табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Белгісіз ер адамның қимылсыз жатқанын көрген жүргіншілердің бірі дереу жедел жәрдем шақырған.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «103» нөміріне шақырту сағат 11.56-да келіп түскен.
«Баня» аялдамасының маңында белгісіз ер адамның еш қимылсыз жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 12.01-де жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның қайтыс болып кеткенін анықтады. Оның неден көз жұмғаны әзірше белгісіз. Жедел жәрдем бригадасы мәйітті тапсыру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері келуін күтті», - делінген хабарламада.