Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жеткен
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты «Нұрия» тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт туралы хабарлама түсе салысымен, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен.
«Алғашқы өрт сөндіру командалары шақырылған жерге сағат 18.10-да жеткен. Дегенмен, өрт сөндірушілер келгенге дейін-ақ өрттің сөндірілгені анықталды. Өрт тоғыз қабатты, жаңадан салынған екі иесіз тұрғын үйдің арасындағы оқшаулағыш материалдан шыққан», – делінген хабарламада.