Оқиға 2 қаңтар күні болды
Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 2 қаңтар күні кешкісін А.Оразбаева атындағы көшедегі көпқабатты үйде болды. Сағат 19.00-де 47 жастағы әйел төртінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.