Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Жарылыстан үйдің бір бөлігі құлаған

Фото: баспасөз қызметінен

Ақтөбе облысы, Қобда ауданының орталығында үй ішінде тұрған газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қобдадағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Құтқарушылар үйдің кіреберісінде 5 литрлік газ баллонының жарылғанын анықтады. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлады. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 8 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 14:40-та сөндірілді», - деп жазылған хабарламада.

Өрт кезінде күйік шалған 34 және 31 жастағы ер адамдар ауруханаға жеткізілді.