Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды
30 желтоқсан күні сағат 21:21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ның «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза тапқаны хабарланды. Жарылыс салдарынан тағы бір адам зардап шеккен. Кейінірек облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Рүстем Исаев 59 жастағы жәбірленуші Қанат Абдуллаевтың іс жүзінде сау екенін, оны үйіне жібергенін айтты.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыс жұмыстары кезінде кеншілер иіс тиіп қайтыс болған. Бүгін Ақтөбе облыстық әкімдігі қаза болған кеншілердің аты-жөнін жариялады. Олар:
Әкімдіктің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл тергеу тобы мен аудандық прокуратура қызметкерлері барды. Осы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген еңбектi қорғау қағидаларын бұзу әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғалды.