Атыраулық тұрғынды алаяқ әйел екі миллион теңгеге алдап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті үш бөлмелі пәтер алып беруге көмектесетінін айтып, тұрғынның сеніміне кірген

Фото: zakon.kz

Атырауда алаяқ әйел пәтер алып беремін деп тұрғынның екі миллион теңгесін алып, ізім-ғайым жоқ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«29 жастағы жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, 38 жастағы әйел екі миллион теңгесін алып, хабарсыз кеткенін айтқан. Күдікті үш бөлмелі пәтер алып беруге көмектесетінін айтып, тұрғынның сеніміне кірген», - делінген ПД хабарламасында. 

Зардап шегуші көп ұзамай алаяқтық құрбанына айналғанын түсінеді.

1982 жылғы күдіктіні тәртіп сақшылары қолға түсірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.