Ақсуда жол апатынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

30 желтоқсан күні түстен кейін екі көлік соқтығысқан

Екі бірдей жедел жәрдем бригадасы шақыру түскен соң 12 минут өткенде қала маңындағы тасжолда болған апат орнына жетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі көлік 30 желтоқсан күні түстен кейін Ақсу қаласынан 12 шақырым жердегі Еңбек ауылында соқтығысқан.

«Оқиға туралы сигнал 103 пультіне 10:34-те түсті. 10:46-да медицина қызметкерлері оқиға орнында болды. Зардап шеккен 29 жастағы ер адам Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. 1990 және 1994 жылғы ер адамдар Ақсу қалалық ауруханасына жатқызылды. Тағы бір зардап шегуші - 29 жастағы ер адамды достары Ақсу ауруханасының қабылдау бөлмесіне өз көлігімен жеткізді», - деді баспасөз қызметінде.