Оған 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы филиалының бұрынғы директоры Р.О. Ибраев сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттіктен хабарланғандай, ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы Ибраев 2020 жылдың маусым-тамыз айларында пайдакүнемдік мақсатта ведомствоға қарасты бөлімше басшыларынан 6,5 мың литр дизель отынын алған (құны 1,2 миллион теңге). Ол бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жұмсаған.
28 желтоқсанда Ибраев ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1000 АЕК (2,778 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды.