«Ұлттық тестілеу орталығының» бұрынғы директоры 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры пара алғаны үшін сотталды

Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры Р.С.Әлімқұлов пара алды деген күдікке ілінген. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Әлімқұловқа қатысты жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады.

«Ол қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген», - делінген агенттік хабарламасында.

22 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.